Алматы қалалық Орталық ауруханасының бас дәрігері қамауға алынды

10:38, 19 наурыз 2019

Алматыда қалалық Орталық аурухананың бас дәрігері Нұрлан Тұрдалин қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен ҚР ҚК 366 бабы 2 б. көзделген қылмыс жасады деп күдіктелген Нұрлан Тұрдалинге қатысты екі айға камауға алу шарасына санкция берілді, – деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

фото: medzdrav.kz

Нұрлан Тұрдалин Алматы қаласындағы "Орталық қалалық клиникалық аурухана" ШЖҚ МКК директоры болып 2017 жылдың 1 ақпанында тағайындалған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!