Алматы хайуанаттар бағында жаңа жануарлар түрі көбейіп, келушілер саны артып келеді
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
2025 жылы зообақта 31 түрлі жануардан 87 төл дүниеге келді. Сондай-ақ, зообақ коллекциясы жыл сайын жаңа және сирек кездесетін бизон, тамандуа, цивета, генета, агама сияқты түрлермен толықтырылды.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Әлиев мәлімдеді.
Бүгінгі таңда Алматы хайуанаттар бағы – Қазақстандағы ең көне және беделді зообақтардың бірі. Аумағы 21 гектарды қамтитын хайуанаттар бағында қазіргі уақытта 385 түрге жататын 4000-нан астам жануар, құс және бауырымен жорғалаушылар бар. Олардың 76 түрі Халықаралық табиғатты қорғау одағының қауіпсіздік тізіміне, ал 24 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген.
"2025 жылы зообаққа келушілер саны 1,2 миллион адамға жетті. Бұл біздің зообақтың елдегі және аймақтағы танымалдығын айқын көрсетеді. Жыл сайын келушілер санының артуы – біздің жұмысымыздың және табиғатты қорғау миссиямыздың көрінісі", – деді басқарма басшысы Данияр Әлиев.
2025 жылы Алматы хайуанаттар бағы Еуропалық зообақтар мен аквариумдар қауымдастығының толыққанды мүшесі ретінде қабылданды. Бұл мәртебе зообақтың халықаралық стандарттарға сай екенін, жануарларды қорғау және ғылыми зерттеулерде жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізетінін растайды.
Алматы хайуанаттар бағы биыл ауқымды реконструкциядан өтеді. Жобаның мақсаты – келушілерге ыңғайлы, заманауи және білім беру тұрғысынан бай тәжірибе ұсыну. Жоба аяқталғанда зообақ жылына 2 миллионға дейін адамды қабылдай алады.
Алматы хайуанаттар бағы – табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыратын, балалар мен ересектерге білім мен әсер қалдыратын ерекше орын. Жаңа кезеңде зообақ Алматының ғана емес, бүкіл Орталық Азияның ең ірі және заманауи орталығына айналмақ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:22, 28 қаңтар 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінде жиын өткізд
-
14:18, 28 қаңтар 2026
Ақкенженов АИ-92 бензин сапасына және АИ-95 бағасының өсуіне қатысты пікір білдірді
-
14:09, 28 қаңтар 2026
ҚР Қорғаныс министрлігі сарбаздардың қазасынан кейін қолға алынған шұғыл шаралар жайлы мәлімдеме жасады
-
13:55, 28 қаңтар 2026
Мұхит түбінен «Жоғалған қала» табылды
-
13:47, 28 қаңтар 2026
Қазақстан «Лукойл» акциясын сатып алу құқығын пайдалануға дайын





