Тәжірибесіз жоғары жалақы: ІІМ қазақстандықтарға жаңа қауіп туралы ескертті
© Фото: Zakon.kz/Оксана Даирова
Ішкі істер министрлігінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті шетелде "жоғары жалақылы жұмыс" ұсынатын интернеттегі хабарландыруларға байланысты қауіп бар екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның 2026 жылғы 5 наурыздағы мәліметінше, мұндай хабарландырулар көбіне Telegram-арналарда, WhatsApp топтарында және басқа да онлайн платформаларда жарияланады.
"Алаяқтар әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және хабарландыру сайттарында жоғары табыс, жол ақысы мен тұру шығындары төленетінін, сондай-ақ тәжірибесіз және тіл білмей-ақ оңай жұмыс табуға болатынын уәде етеді", – деп мәлімдеді ІІМ.
Алайда шетелге барғаннан кейін адамдар мынадай қауіптерге тап болуы мүмкін:
- төлқұжат пен басқа да құжаттардың тартып алынуы;
- еркін жүріп-тұрудың шектелуі;
- интернет-алаяқтыққа мәжбүрлеу;
- жалақының төленбеуі;
- "босату" немесе елге қайтару үшін ақша бопсалау;
- психологиялық қысым мен қорқыту.
Осыған байланысты қазақстандықтарға мынадай сақтық шараларын ұстану ұсынылады:
- шетелде жұмысқа орналасуды тек лицензиясы бар агенттіктер арқылы рәсімдеу;
- жұмыс берушіні және келісімшарт талаптарын мұқият тексеру;
- құжаттар мен жеке деректерді бөгде адамдарға бермеу;
- туыстарға сапар бағыты мен қай жерде болатыны туралы алдын ала хабарлау.
Егер күмәнді ұсыныстар немесе алаяқтық белгілері байқалса, азаматтарға дереу құқық қорғау органдарына жүгіну ұсынылады.
"Сақ болыңыздар және интернеттегі күмәнді ұсыныстарға сенбеңіздер", – деп ескертті ведомство.
Бұған дейін, 2026 жылғы 28 ақпанда Бас прокуратура Қазақстанда алаяқтық фактілері көбейіп жатқанын мәлімдеген еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:53, 5 наурыз 2026
Доллардың бағамы 5 наурыздағы саудада төмендеді
-
15:40, 5 наурыз 2026
Синоптиктер ескертті: наурыздың алғашқы күндерінде ауа райы кенет өзгеруі мүмкін
-
15:26, 5 наурыз 2026
Президенттің сынынан кейін ауыл шаруашылығы саласы қалай дамиды
-
15:13, 5 наурыз 2026
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға жалдамалы жұмыс істеуге тыйым салына ма – МКК жауабы
-
14:56, 5 наурыз 2026
Алматыда газ құрылғыларын қауіпсіз пайдалану бойынша профилактика күшейтілді





