Алматы әкімдігі қар жаууына байланысты көлік жүргізушілеріне жүгініп, мәлімдеме жасады
© Сурет: t.me/AlmatyJoly
Алматыда қардың тоқтаусыз жаууына байланысты тазалау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты қала билігі көлік жүргізушілеріне жүгініп, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
16 қаңтарда сағат 7:00-де көрініс тапқан қар 20:00-дегі жағдай бойынша шамамен 13 сағат бойы жауған. "Қазгидромет" РМК болжамына сәйкес, бірде тоқтап, бірде көрініс берген қар 18 қаңтардың таңына дейін жаууын жалғастырады.
Қар жауған уақыт ішінде қалаға шамамен 7 см қар түсті. Бұл туралы Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері айтты.
Коммуналдық қызметтер қала тұрғындарын мүмкіндігінше автокөліктерін жол жиегіне қоймауды және арнайы техниканың жұмысына кедергі келтірмеуге шақырады. Бұл жол бойын тазалау жұмыстарын жеделдетіп, сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жағдай тұрақты бақылауда, көшенің жай-күйі тәулік бойы қадағаланып отыр.
"Қаланың коммуналдық қызметі күшейтілген тәулік бойы жұмыс режиміне көшірілді. Қар тазалау жұмыстарына 2,8 мыңнан астам жол саласы жұмысшысы және 1 250 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Жолдың қауіпті учаскелерде, еңістер мен жотада, сондай-ақ жолайырықтарында көктайғақтың алдын алу және оны жою мақсатында 75 жедел бригаданың күшімен патрульдеу ұйымдастырылды. Бұған қоса, қарды сырып тазалаумен айналысатын 28 колонна қосымша тартылды", делінген хабарламада.
Құзырлы ведомство жолдың бойы, тротуарлар, қоғамдық орындарды, қоғамдық көлік аялдамалары, жерүсті өткелдері, баспалдақтар мен пандустар арнайы техникалардың көмегімен және қолмен тазаланып, жолға көктайғаққа қарсы материалдар себіліп жатқанын, сағат 22:30-23:00 аралығында арнайы техника көшелерді қарқынды тазалауды жалғастыратынын, ал түнгі уақытта қаланың магистральдық көшелерінен қарды жаппай шығару ұйымдастырылатыны нақтыланады.
Бұған дейін Алматыда қалың қар жауып, жолдарда 10 балдық көлік кептелісі туындағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:59, 16 қаңтар 2026
Алматы әкімдігі тоқтаусыз жауған қарға байланысты көлік жүргізушілеріне жүгініп, мәлімдеме жасады
-
22:36, 16 қаңтар 2026
Ақтөбе облысында дизельмен жүретін халықаралық автобус жолда қалып кетті
-
22:26, 16 қаңтар 2026
«Алматы тұншығып жатыр». Энергетика министрі ЖЭО-3 құрылыс алаңындағы жағдайды сынға алды
-
21:46, 16 қаңтар 2026
Астанада кісісі қалың көшеде жеңіл көлік отқа оранды
-
21:46, 16 қаңтар 2026
Астанада кісі қалың көшеде жеңіл көлік отқа оранды





