Ақтөбе облысында дизельмен жүретін халықаралық автобус жолда қалып кетті

22:36, 16 қаңтар 2026

© Сурет: polisia.kz

Ресей – Тәжікстан бағытына қатынайтын, шетелдік туристері толы автобус қатты аязға байланысты Қарабұтақ – Қостанай тас жолының жиегіне тоқтауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті полицейлер Van Hool автобусында 46 адам, оның ішінде екі жүргізуші болғанын анықтады. Жолаушылардың арасында бес әйел мен бес бала бар (барлығы шетел азаматтары). Көліктің тоқтауына қатты аяз салдарынан дизель отынының қатуы түрткі болған.

"Полиция қызметкерлері жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Патрульдік полиция мен төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің бірлескен іс-қимылы нәтижесінде жолаушылар Әйтекеби ауданы Т. Жүргенов ауылындағы орталық мешіт ғимаратына уақытша орналастырылды. Медициналық көмекке мұқтаж жандар тіркелген жоқ", делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полиция жүргізушілерге жолға шығар алдында ауа райы жағдайын ескеріп, көліктің техникалық жай-күйін тексеруді және ресми ақпаратты қадағалауды ескертеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!