Жамбыл облысында жалған адвокат пен оның сыбайласы қолға түсті
© Сурет: ҚР ІІМ
Жамбыл облысында Қарағанды облысының полиция қызметкерлері өзін адвокат ретінде таныстырған 39 жастағы күдіктіні ұстады.
Өткен жылдың соңында жалған адвокатқа 31 жастағы жергілікті тұрғын туысының мүддесін қорғау үшін заң көмегіне жүгінген. Сенімге кірген күдікті білікті заңгерлік қолдау көрсетемін деп уәде беріп, 1 200 000 теңге көлемінде алдын ала төлем алған.
Кейін түрлі сылтауларды алға тартып, туындаған мәселелерді белгілі бір лауазымды тұлғалар арқылы шешу қажеттігін айтып, жәбірленушіден қосымша қаражат талап еткен. Осылайша алаяқтың қолына түскен жалпы сома 4,5 миллион теңгені құрады.
Алайда уәде етілген нәтиже болмаған, ал "адвокат" жәбірленушімен байланысын біртіндеп үзген. Жәбірленушінің полицияға арыздануынан кейін Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізіп, Жамбыл облысы Шу қаласында екі күдіктіні қолға түсірді.
Тергеу барысында 45 жастағы күдікті жалған адвокаттың сыбайласы ретінде ақшалай аударымдарды өз есепшотына қабылдап отырғаны анықталды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматтардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бары тексеріліп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:46, 10 наурыз 2026
Түркістанда полицейлер ветеринария заңнамасын бұзған 30-ға жуық тұрғынды анықтады
-
22:30, 10 наурыз 2026
11 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
21:56, 10 наурыз 2026
Ақсу ферроқорытпа зауытында дауылдан түтін мұржасының бір бөлігі құлады
-
21:09, 10 наурыз 2026
Тоқаев Таяу Шығыстағы тағы бір шабуылды айыптады
-
20:58, 10 наурыз 2026
11 наурызда астаналық оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды





