Алматы әкімдігі: Family Park аумағында тұрғын үй кешені немесе өзге де нысандар салу жоспарланбаған
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде таралған Family Park аумағына тұрғын үй кешені немесе өзге де құрылыс нысандары салынады деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
Алматы қаласының қолданыстағы Бас жоспары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес, Family Park аумағы қоғамдық рекреациялық кеңістік, яғни саябақ аймағы ретінде белгіленген. Оның нысаналы әрі функционалдық мақсатын өзгерту көзделмеген.
Family Park алматылықтар мен қала қонақтарының демалысына арналған саябақ ретіндегі мәртебесін сақтайды. Қазіргі таңда тек аумақты тікелей мемлекеттік басқаруға қайтарып, оны кешенді түрде қайта жаңғырту, көріктендіру және жаңғырту мәселесі қарастырылып жатыр.
Нысанды ұзақ жыл бойы пайдаланған жалға алушы саябақты күтіп-ұстау мен дамыту жөніндегі міндеттемелерін тиісті деңгейде орындамаған, инфрақұрылымына инвестиция салмаған. Соның салдарынан саябақтың жағдайы едәуір нашарлаған.
Бүгінде саябақтың инженерлік және демалыс инфрақұрылымын жаңарту, тұрғындарға қолайлы, қауіпсіз әрі қолжетімді қалалық орта қалыптастыру, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін толыққанды кедергісіз орта жасау қажет.
Бұл бастаманың негізгі мақсаты – Family Park-ті қоғамдық демалыс кеңістігі ретінде сақтап қана қоймай, оны сапалы жаңғырту. Соның нәтижесінде қала тұрғындары мен қонақтарына арналған қауіпсіз, қолжетімді және жайлы заманауи саябақ қалыптастыру көзделіп отыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:01, 29 маусым 2026
Тоқаев Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Грузия премьер-министрін қарсы алды
-
16:59, 29 маусым 2026
Қазақстанда қандай жекеменшік мектептер мемлекеттік қаржыландырудан айырылады
-
16:54, 29 маусым 2026
Алматыдағы «Барыс-4» базарында мыңнан астам сауда заңнамасын бұзу дерегі анықталды
-
16:44, 29 маусым 2026
Астана, Алматы және Шымкентте күн райы құбылады
-
16:33, 29 маусым 2026
Алматы облысында құлаған ағаш екі көлікті басып қалды: зардап шеккендер бар





