Алматы дәрігерлері ауруларды ерте анықтау үшін скринингтен өтуге шақырады
© Фото: Zakon.kz
Алматыда тұрғындарға скринингтік тексерулердің маңыздылығы ескертілді.
Алматыдағы №36 емхананың директоры Гүлжайнат Тілегеннің айтуынша, тұрақты диагностика ауруды ерте кезеңде анықтап, емді дер кезінде бастауға және асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Дәрігердің айтуынша, скрининг көбіне бастапқы кезеңде белгісіз өтетін кең таралған созылмалы және онкологиялық ауруларды анықтауға бағытталған.
Скринингтен өтуге арналған жас топтары:
- 30-74 жас — әйелдер (жатыр мойны обырына скрининг, әр 4 жыл сайын);
- 40-76 жас — ер адамдар мен әйелдер (артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома және мінез-құлық қауіп факторлары, әр 2 жыл сайын);
- 40-76 жас — әйелдер (сүт безі қатерлі ісігіне скрининг, әр 2 жыл сайын);
- 50-76 жас — ер адамдар мен әйелдер (колоректальды қатерлі ісікке скрининг, әр 2 жыл сайын);
- 50-76 жас — ер адамдар (ми қан айналымының бұзылуына скрининг, әр 2 жыл сайын).
Гүлжайнат Тілеген скринингтің негізгі мақсаты — ауруды алғашқы белгілер пайда болмай тұрып, ем тиімді кезеңде анықтау. Бұл ауыр асқынулардың алдын алып, науқастың өмір сапасын сақтауға көмектеседі.
Тіркелген емханаларда жүргізілетін скринингтік тексерулер денсаулық сақтаудың қолжетімді тәсілі саналады. Дәрігерлер тұрғындарды профилактиканы кейінге қалдырмай, қажетті тексерулерден уақытылы өтуге шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:06, 31 наурыз 2026
Қазақстандық оқушы пластик қалдықтарынан эко-асфальт өндіру технологиясын ойлап тапты
-
17:46, 31 наурыз 2026
Синоптиктер республика бойынша 1 сәуірде күн құбылмалы болатынын ескертті
-
17:39, 31 наурыз 2026
Үкімет ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтаудың кешенді жоспарын бекітті
-
17:25, 31 наурыз 2026
Павлодарда интернет-алаяқтыққа пайдаланылған sim-box құрылғылары әшкереленді
-
17:10, 31 наурыз 2026
Ақтөбеде жер үйлерден ұрлық жасаған күдікті оқиға орнында ұсталды





