Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран соғады

15:44, 21 қараша 2018

22-24 қараша күндері Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

"Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс және батыс облыстарында қар жауып, қатты жел соғуы және көктайғақ күтіледі. Мұндай күрделі метеорологиялық жағдайлар Батыс Сібірдің үстіндегі терең және белсенді циклонмен байланысты атмосфералық фронттардың өтуі кезінде байқалатын болады", - делінген хабарламада.

Алайда, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстары да жауын-шашынды болады.

"Мұнда оңтүстік циклонның ықпалымен жауын-шашын, жаңбыр, сулы қар күтіліп, 24 қарашада таулы аймақтарда қатты қар жауып, тұман түседі, көктайғақ және батыс бағыттағы күшті екпінді жел соғады", - деп хабарлады синоптиктер.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!