Алдағы бірнеше жылда еліміз қар, жаңбыр суларын пайдаланады

10:43, 19 наурыз 2024

© Сурет: pixabay

Алдағы бірнеше жылда еліміз қар, жаңбыр суларын тазартып, пайдаланады. Парламентте жаңа су кодексін таныстырған Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз осылай деді.

2030 жылға қарай өндірістік кәсіпорындар пайдаланатын суларының тең жартысын ағын сулардан алуы тиіс.

Жалпы жаңа кодекс 6 негізгі қағидатқа бағытталған. Ең негізгілері үнемдеу және қайта пайдалану. Табиғи су көздерін сақтау мәселесіне де ерекше назар аударылған, деп жазады qazaqstan.tv.

Кодексті әзірлеу кезінде халықаралық тәжірибе ескерілген. Енді құжатты мәжіліс құзіретті органдармен бірлесе отырып талқылайды

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!