Ақышев қыркүйекте теңге бағамының төмендеуіне не себеп болғанын айтты

14:32, 16 қазан 2018

Қазіргі кезде ішкі валюта нарығындағы ахуал тұрақты, теңгенің бағамы сұраныс пен ұсыныстың ішкі және сыртқы факторлары балансының ықпалымен қалыптасып отыр, бұл толық еркін өзгермелі айырбастау бағамы режиміне толық сәйкес келеді, деп хабарлайды Zakon.kz Ұлттық Банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Ұлттық Банкі басшысының айтуы бойынша, теңгенің айырбастау бағамына әсер ететін сыртқы факторлар Ресей рублінің бағамы, мұнайдың бағасы, әлемдік пайыздық мөлшерлемелер, әлемдегі геосаяси жағдай болып табылады. Ішкі факторларға төлем балансының жағдайы, инфляция деңгейі, ҚРҰБ-ның базалық мөлшерлемесі, экспорттаушы компаниялардың салық төлемдерінің кезеңдері, бюджет қаражатын игеру қарқыны жатады.

«Қазанда 2018 жылғы қыркүйекте ішкі валюта нарығында байқалған теңге бағамының құбылмалылығы айтарлықтай төмендеді, ол ішкі валюта нарығының қатысушылары мен олардың клиенттерінің әлемдік нарықтардағы жағымсыз жаңалықтарға шектен тыс ден қоюымен байланысты болды», - деді Д. Ақышев.

Бұл ретте, ол қыркүйектің басында шетел валютасына ұсыныстың жоқтығы жағдайында шетел валютасына сұраныстың ұлғаюы Ұлттық Банктің жүргізген өктемдіктерімен өтелгенін атап өтті, бұл девальвациялық күтулердің күшеюінің алдын алуға және ішкі валюта нарығын тұрақтандыруға мүмкіндік берді.

«Әлемдік тауар және қаржы нарықтарындағы жағдай түрлі бағыттылығымен сипатталды. Мұнайдың әлемдік нарығы бағаның өсуін көрсетті, ол 2014 жылғы желтоқсаннан бастап ең жоғарғы мәніне жетті» - деп баса айтты Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы.

Д. Ақышев сондай-ақ қаржы нарықтары сауда-саттық қақтығыстары ушығуының және әлемнің ірі экономикаларының арасындағы шиеленістің ықпалынан дамыды деп атап өтті.

«АҚШ-тың санкциялық және протекционистік саясаты, сондай-ақ АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесі мөлшерлемелерінің өсу циклінің жалғасуы капитал ағындары бағытының дамыған нарықтардың пайдасына қарай өзгеруіне себеп болды», -деді ол берген түсініктемесінің соңында.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!