Ақтөбелік «СК-Фармацияда» бірқатар бұзушылықтар анықталды

14:34, 22 қазан 2020

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің серіктестік департаментінің директоры Р.М.Медетов және Агенттік жанындағы Республикалық арнайы мониторинг тобы төрағасының орынбасары Гасанов Р.Р Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды zakon.kz.

Іс-сапар аясында Агенттік пен АМТ өкілдері білім беру саласында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметі мен Ақтөбе облысындағы "СК-Фармация" ЖШС қоймасында бірқатар мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Мониторинг нәтижелері дәрі - дәрмектерді сатып алуға арналған бірыңғай дистрибьютор СК Фармация хабтарының Covid-19 екінші толқынына дайындық деңгейі күмән тудыратындығымен өзіне назар аударды.

Дәрілік заттарды сатып алу жөніндегі атышулы ұйымның қызметкерлері дәрі – дәрмектерді сатып алу туралы, вирусқа қарсы "Авифавир" препаратының болуы туралы да нақты ақпарат бере алмады.

Оның үстіне "СК Фармация" Ақтөбе филиалының өкілі Нұрлан Жұбанышев көптеген дәрі-дәрмектер ауруханаларда жатқанын, бірақ соңғы жеткізілім қашан және қай жерде және қандай көлемде жасалған деген сұраққа нақты жауап бере алмады. Нәтижесінде қоғам белсенділері батыстың 4 облысы (Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтау) үшін екі айлық дәрі-дәрмектің нақты қол жетімділігіне күмәнданды.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың 19 қазанында Антикорда өткен аппараттық кеңесте СК Фармацияның төрағасы Ерхат Искалиев коронавирустың екінші толқынына толық дайын екендіктерін және қажетті дәрі-дәрмектердің екі айлық қоры жеткіліктігі туралы хабарлады. Е.Искалиев өз сөзінде 5,9 млрд.теңгеге 37 түрлі атауға дәрі – дәрмектердің сатып алынғанын мәлімдеді. Дәл сол жиында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Алик Шпекбаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша COVID - 19 екінші толқынына дайындық дәрежесін анықтауға бағытталған қоғамдық бақылау жүргізілетіндігін хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирустың алғашқы толқыны кезінде Антикор қызметкерлері қоғам белсенділерімен бірге 2500-ден астам дәріханаларда Covid-19ға қарсы дәрі-дәрмектердің болуын және осы дәрілердің бағаларының шекті бағадан аспауын тексерді. 400-ге жуық қоймаларда мониторинг жүргізілді, сонымен қатар СК Фармацияның Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларындағы 4 негізгі хабы тексерілді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!