Ақтөбедегі демалыс орнында зардап шеккендердің жағдайы қалай
© Сурет: видео скрині
Ақтөбедегі демалыс орнында зардап шеккеннің бәрі есін жиған, ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Балалар ауруханасына 5 адам түсті. 17 жастағы жасөспірімнің оң аяғындағы жұмсақ тіні көгерген, оны қабылдау бөлмесінде тексерді, сол жерде көмек берілді. 16 жасар қыз аралас жарақат алған, оң жамбасы, жамбас сүйегі сынған, жабық бас миының жарақатын алған, кей жері көгерген. Баланың жағдайы ауыр. Тағы бір қыз 16 жаста, бас миының жабық жарақатын алған, кей жері көгерген, миы шайқалған, төменгі жағы сынған, жағдайы орташа ауыр. 1,5 жасар бала жабық бассүйек-ми жарақатын алған, миы шайқалған, жағдайы орташа ауыр. 5 жасар баланың маңдай, төбе аймағы көгерген", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері "Диапазонға".
Оқиға салдарынан 40 жастағы әйел мерт болып, 49 жастағы ер адам мен бес кәмелетке толмаған бала, оның ішінде бір жасар бала медицина мекемесіне жатқызылған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:41, 19 желтоқсан 2025
Жамбыл облысында полиция есірткі арнасының жолын кесті
-
19:18, 19 желтоқсан 2025
Оралда заңсыз сатылған автокөлік иесіне қайтарылды
-
19:01, 19 желтоқсан 2025
Қарағандыда есірткіні жасырын қойып кетуші қылмыс үстінде қолға түсті
-
18:51, 19 желтоқсан 2025
Армения азаматы Орал – Алматы рейсінде темекі шеккені үшін ұсталды
-
18:46, 19 желтоқсан 2025
Қазақстандық биатлоншылар Әлем кубогы кезеңіндегі спринтте өнер көрсетті





