Ақтөбедегі ана мен бала өлімі: Дәрігерлер тірі қалған қыздың жағдайы туралы мәлімет ұсынды
© Сурет: pixabay
29 наурызда Ақтөбеде қаскөйлер ұлымен қоса анасын аяусыз өлтіріп кеткен. Ал, Құдай сақтап, аман қалған 13 жасар қыз ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстың денсаулық сақтау басқармасы атап өткендей, қызға ота жасалды.
Дәрігерлердің айтуынша, ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр.
"Диагноз - мойынның алдыңғы және оң жағында сұғылған-кесік түріндегі бірнеше жарақат, мойын көктамырының зақымдануы, кеңірдектің және мойын бұлшықеттерінің зақымдануы. Жағдайы ауыр", - деді дәрігерлер.
Бұған дейін полицияда аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 99-бабының 3-бөлігі, яғни "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынғанын мәлімдеген болатын.
"Осы қылмысты жасаған адамдарды анықтау және ұста үшін арнайы және жедел іс-шаралар жүргізілуде", - деді полициядағылар.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:41, 19 желтоқсан 2025
Жамбыл облысында полиция есірткі арнасының жолын кесті
-
19:18, 19 желтоқсан 2025
Оралда заңсыз сатылған автокөлік иесіне қайтарылды
-
19:01, 19 желтоқсан 2025
Қарағандыда есірткіні жасырын қойып кетуші қылмыс үстінде қолға түсті
-
18:51, 19 желтоқсан 2025
Армения азаматы Орал – Алматы рейсінде темекі шеккені үшін ұсталды
-
18:46, 19 желтоқсан 2025
Қазақстандық биатлоншылар Әлем кубогы кезеңіндегі спринтте өнер көрсетті





