Ақтөбеде TikTok-қа қару ұстап түскен суреттерін жүктеген жасөспірімдер анықталды
© Сурет: ҚР ІІМ
Ақтөбе облысында полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында жасөспірімдердің атыс және суық қару ұстаған фотосуреттерін анықтады.
Атап айтқанда, TikTok әлеуметтік желісінде 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер тапанша тәрізді заттарды ұстап түскен бірнеше фотосурет жариялаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде алты жасөспірімнің жеке басы анықталып, олар полиция бөліміне жеткізілді.
Тексеру барысында анықталғандай, олардың бесеуі – Ақтөбе қаласындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері, ал біреуі – аудандық мектептердің бірінің жоғары сынып оқушысы болып шықты. Жасөспірімдердің бірінен газды тапанша тәркіленді.
Тәртіп сақшыларына олар бұл әрекеттерге контент үшін барғандарын, қорқыту мен зорлық-зомбылықты насихаттау мақсатында емес, тек қызығушылықтан жасағандарын түсіндірді.
Аталған факт бойынша кәмелетке толмағандармен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгімелесу жүргізіліп, олар профилактикалық есепке алынды. Жарияланған посттар жойылып, жасөспірімдер оқитын білім беру ұйымдарында қосымша түсіндіру және алдын алу шаралары ұйымдастырылды.
Естеріңізге сала кетейік, 10 сәуірден бастап республика аумағында "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Бұл шара аясында құқық қорғау органдары рейдтік және профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, әлеуметтік желілерде де жан-жақты мониторинг жүргізуде.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:51, 22 сәуір 2025
Маутинбайктан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының спортшылары анықталды
-
20:09, 22 сәуір 2025
Петропавлда тоғыз жастағы оқушы соғыс ардагерін ауруханаға түсірді
-
19:42, 22 сәуір 2025
Сәрсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
19:22, 22 сәуір 2025
Ержан Біржанов жаңа қызметке сайланды
-
19:04, 22 сәуір 2025
«90+1» атты қазақстандық футбол туралы алғашқы фильмнің тұсаукесері өтті
Танымал жаңалықтар
-
21:58, 21 сәуір 2025
-
22:57, 21 сәуір 2025
-
21:33, 21 сәуір 2025
-
10:09, 22 сәуір 2025
-
11:55, 22 сәуір 2025
-
11:13, 22 сәуір 2025
-
22:31, 21 сәуір 2025
-
12:19, 22 сәуір 2025
-
09:28, 22 сәуір 2025
-
10:16, 22 сәуір 2025
-
11:12, 22 сәуір 2025
-
13:33, 22 сәуір 2025
-
09:16, 22 сәуір 2025
-
16:44, 22 сәуір 2025
-
13:17, 22 сәуір 2025