Ақтөбеде өкпе қабынуынан 18 адам көз жұмды

12:56, 23 маусым 2020
1201

Ақтөбеде өкпе қабынуы, яғни пневмония өршіп тұр. Тек соңғы екі аптада 18 адам осы дерттен көз жұмды. 12 науқас жасанды тыныс алу аппараттына қосылған. Олардың жағдайы ауыр, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Қаладағы медицина орталықтың қабылдау бөлімі. Жедел жәрдем көліктері науқастарды үздіксіз әкеліп жатыр. Аймақтағы ахуалдың қаншалықты ушығып тұрғанын осыдан-ақ көруге болады. Тек осы мекеменің өзіне тәулігіне 60-70 адам түсуде.

Рүстем Исаев, "Ақтөбе медицина орталығының" директоры:

267-еуінің 189-ы двухсторонная пневмония. Шұғыл түрдегі бөлімшелерді медицина университетінің медорталығы мен БСМП-ға аударып жатырмыз. 340 койкаға дейін үлкейтіп жатырмыз.

Ауруханаларда орын жоқтығын естіген жұрт, амалсыз өз беттерімен үйден ем қабылдауға кіріскен. Дәрігерден гөрі ғаламтормен "кеңесіп" жатқандар көп.

Гүлсина Анарбекова, дәріхана меңгерушісі:

Аспирин разжижает кровь. Италияда солай аспиринмен емдепті деп кешеден бері с утра аспирин сұрап жатыр.

Облыстың бас санитары жұрт сабылып іздеп жүрген парацетамол жеткілікті деп есеп бергенімен, қараша халық мұнымен келіспейді. Дәріханалардың маңы ұзын-сонар кезек. Бірақ, іздегенін тапқан адам сирек.

Именно "Антипал" жоқ, "Аспирин", "Парацетамол", "оксолинка" жоқ. Масочный режим дейді, ал сақтануға ештеңе жоқ.

Аптекаларда 2-3 күннен бері осылай. Пневмония күшейгелі очередь болып кетті.

Қызу түсіретін дәрі-дәрмек былай тұрсын, қарапайым сынап термометр де қалмаған. Дәріханадағылар келушілер сатушыларға тіпті екпе салып берсеңіз деп те өтініш айтады дейді.

Гүлсина Анарбекова, дәріхана меңгерушісі:

Кешенің өзінде 4-5 адам болды. Укол жасап беріңізші деп. Оған процедруный, возможность жоқ бізде.

Ал, мамандар осы жолғы өкпенің қабынуы мүлдеп басқаша сипатта екенін айтады. Яғни, бұл пневмония өте қауіпті.

Рүстем Исаев, "Ақтөбе медицина орталығының" директоры:

Бұл пневмония банальная пневмония емес, үйде отырып, кондиционерден салқын тиетін. Мұздай суға түсіп, содан кейін болатын бактериальная пневмония емес. Бұл нағыз жаңағы вирусная пандемия.

Бұл дерт облыс орталығындағы жұртты ғана титықтатып тұрған жоқ. Аудандардағы жағдай да алаңдатады. Провизорлық орталықта 131 адам жатыр, оның 80-і пневмониядан емделіп жатқандар. Жағдайды тұрақтандыру үшін облыстағы поликлиникалар мен емдеу орталықтарына қосымша кереуеттер қойып жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!