Ақтөбеде мектеп түлегі пышақ жарақатынан көз жұмды
Ақтөбеде қаласындағы №19 мектеп түлегі пышақ жарақатынан көз жұмды. Оқиға маусым айының 17-нен 18-не қараған түні Ақтөбе қаласының Тургенев көшесінде болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе қаласында қайғылы оқиға тіркелді. №19 орта мектептің 18 жастағы түлегі қайтыс болып, өзге мектептің 17 жастағы түлегі қазір облыстық балалар клиникалық ауруханасында жатыр. Бас бәрігер Нұрлан Кожиннің айтуынша, пышақ жарақатын алған мектеп түлегінің жағдайы қалыпты ауыр.
Ал қаза болған мектеп түлегін жерлеу үшін ата-анасы баласының денесін Қарғалы ауданының Бадамша ауылына алып кеткен.
«Мен қаза болған баланы жақсы танимын. Бұл отбасында 4 бала бар. Үйдің үлкені мектеп бітіріп, анасы «таяуда ҰБТ тапсырады» деп жүрген. Дүйсенбі күні таңда қатты жылаған дауыс шығып, бәріміз далаға шықтық. Үйіне кіріп, болған жайды естідік. Бала өте кішіпейіл, сәлем беріп, амандығымызды біліп тұратын. Ата-анасы қазір қалада жоқ. Олар жерлеу рәсімін ауылда өткізу үшін Бадамшаға кетті, он күн бойы сол жақта болады», - деді аты-жөнін айтудан бас тартқан мектеп түлегінің көршісі.
Айта кетейік, қайғылы оқиға Ақтөбе қаласының Тургенев көшесінде болды. Медициналық университет жатақханасы маңында қан іздері сол күйі қалған.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, төбелесті көріп, пышақ жарақатын алған түлекке алдымен жедел жәрдем, кейін полиция қызметкерлері шақырылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 26 сәуір 2024
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды
-
21:53, 26 сәуір 2024
«Зорланған қыз жүкті». Полиция департаментінің бастығы Төлебидегі оқиғаға қатысты түсінік берді
-
21:16, 26 сәуір 2024
Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртеніп кетті
-
20:46, 26 сәуір 2024
Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады