Ақтөбеде құлаған зымыран бөлшегінің залалын арнайы комиссия анықтайды

12:20, 15 қаңтар 2020

ҚР Парламенті Мәжілісі дәлізінде ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Мұрат Бектанов Ақтөбе облысына зымыран бөлігінің құлауына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Қазір Қорғаныс министрлігі біздің территориямыз бен нысандарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты келісімге өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жасап жатыр. Комиссия оны әлі зерделеп жатыр, ол әлі аяқталған жоқ ... Келісімге сәйкес, егер залал болса, онда міндетті түрде өтемақы төленеді, - деді ол.

Ол қандай да бір өтемақы жайындағы сөз комиссия жұмысының қорытындысынан кейін ғана белгілі болатынын баса айтты.

- Комиссия әлі мәселені зерделеп жатыр, онда жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлар комитеті де жұмыс істеуде, өтемақы осы комиссия жұмысы аяқталғаннан кейін белгілі болады. Комиссия жұмысы тағы он күнге созылуы мүмкін, - деді Бектанов.

Алдында Қазақстанның Ақтөбе облысында табылған беймәлім зат Ресейдің жедел-тактикалық кешені - "Искандер-М" зымыран жүйесінікі болуы мүмкін деп болжанған. Кейін бұл атмосфераның жоғары бөлігін зерттеуге арналған геофизикалық зымыранның бөліктері екені белгілі болды. Зымыран бөліктерін ресейлік және қазақстандық мамандардан тұратын комиссия қарады. Бірнеше күн бұрын ұшатын белгісіз аппараттың құлаған жерінен түсірілген суреттерді бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары жариялады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!