Ақтөбеде көлік жүргізуші бағанаға соғылып, қаза тапты

12:14, 20 шілде 2018

Түнде Қонаев және Жанқожа батыр көшелерінің қиылысында болған көлік апатынан ауыр жарақат алып, оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Жедел жәрдем қызметіне сағат 02:44-те жол апаты болғаны туралы хабар келген. Сағат түнгі үште медицина қызметкерлері оқиға орнында болған. Көлік жүргізушісі бағанаға соғылған кезде ауыр жарақат алған. Оның бассүйегінің негізі мен басқа да сүйектері сынған», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Жол апатынан қаза тапқан азамат 1991 жылғы.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!