Ақтөбеде кәсіпкер өз-өзін жарып жібермек болған

17:00, 20 қазан 2017

Бизнесмен өз-өзін жарып жіберу үшін газ бекетіне соғылған, деп хабарлайды sputniknews.kz.

13 қазанда Заводская көшесінде алапат жарылыс болуы мүмкін еді. Таңғы 5.20 кезінде KNPS газ бекеті цистернасына Toyota Hilux көлігі келіп соғылды. Рөлде 39 жастағы кәсіпкер болған.

Бастапқы мәлімет бойынша, Ақтөбеде танымал бизнесмен цистернаға соғылып, өз-өзін жарып жібермек болыпты. Алайда газдың жарылуы орын алған жоқ. Сол кезде ер адам пышақ алып шығып, тағы да өз-өзіне қол салмақ болады.

Ер адам көптеген жарақатпен ауруханаға хирургия бөліміне жеткізілді. Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Фото: sputniknews.kz

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!