Ақтөбеде интернет-алаяқтыққа күдікті ұсталды
© Фото: Zakon.kz
Ақтөбеде полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жасады деген күдікпен басқа облыстың 18 жастағы тұрғынын ұстады.
Анықталғандай, ағымдағы жылдың ақпан айында күдікті TikTok қосымшасында хат алмасу кезінде Free Fire ойынын сатамын деген желеумен алдау арқылы Әйтеке би ауданының тұрғынына тиесілі 777 мың теңгені иемденген.
"Anti-Fraud" және "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында күдіктінің жеке басы анықталып, ол полиция бөліміне жеткізілді.
Ол Түркістан облысының 18 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті өз кінәсін мойындады.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:11, 30 сәуір 2026
Қазақстанда әкімдер мен министрлер есірткі қолдануын анықтайтын тексеруден өтеді
-
13:53, 30 сәуір 2026
Әл-Фараби даңғылындағы Zeekr қатысқан ЖКО бойынша тергеудің қашан аяқталатыны белгілі болды
-
13:22, 30 сәуір 2026
Павлодарда көшеде қоқыс тастағандар камера арқылы анықталып жатыр
-
13:18, 30 сәуір 2026
ЭЦҚ тек 16 жастан бастап беріледі – ресми түсініктеме
-
13:02, 30 сәуір 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасын қабылдады





