Ақтөбеде екі азаматты алдаған жергілікті тұрғын ұсталды

15:05, 3 ақпан 2026

© Фото: Zakon.kz

Полицияның мәліметінше, ер адам алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы түрлі "қызметтер" ұсынып, алған міндеттемелерін орындауды бастапқыда-ақ жоспарламаған.

Оқиғалардың бірінде ол Грузиядан автокөлік әкеліп беремін деп уәде беріп, жәбірленушіден 800 мың теңге алған.

Ал екінші жағдайда 250 мың теңге көлемінде сыйақыға жүргізуші куәлігін алуға көмектесетінін айтқан.

Алайда күдікті ешбір уәдесін орындамай, алған ақшаны өз пайдасына жаратқан.

Аталған факті бойынша алаяқтық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта оның басқа да қылмыстық әрекеттерге қатысы бар-жоғы анықталуда.

Полиция азаматтарға ескертеді:

  • ресми келісімшартсыз және заңды негізсіз "қызмет" ұсынатын тұлғаларға ақша бермеңіздер;
  • жүргізуші куәлігін рәсімдеу тек заңда белгіленген тәртіппен, уәкілетті органдар арқылы жүзеге асырылады.

Осындай жағдайларға тап болған кезде азаматтарға дереу полицияға жүгіну ұсынылады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!