Ақтөбеде дүкен иесі пара ретінде полицейдің «каспиіне» ақша аударды

16:04, 12 тамыз 2020

Ақтөбеде карантин режимін бұзу бойынша әкімшілік хаттама толтырмағаны үшін полиция қызметкеріне пара беру фактісі анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

06 тамыз күні Заречный кентіндегі дүкеннің сағат 21.00-ден кейін жұмыс істеу фактісі анықталды. Бұл материал аумағы бойынша Ақтөбе қаласы ПБ Алматы ауданының № 4 қалалық полиция бөліміне жіберілді.

Келесі күні учаскелік полиция инспекторы материалдарды жинау үшін оқиға орнына шықты. Дүкен иесі ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы заңнама талаптарын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершіліктен жалтару және Ақтөбе қаласының СЭҚ-не материалды жібермеу мақсатында учаскелік инспекторға пара ретінде 10 000 теңге көлемінде ақша ұсынды, алайда полиция қызметкері оған бұл іс-әрекетінің заңсыз екенін түсіндірді.

Сол күні дүкен иесі "Kaspi.kz" қосымша арқылы учаскелік инспектордың телефонына 10 000 теңге көлемінде ақша аударған.

Өз кезегінде полиция қызметкері дүкен иесінен жоғарыда көрсетілген ақша сомасын аудару туралы хабарламаны көргеннен кейін бұл туралы өз басшылығына баяндады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 367-бабының 1-бөлігі (Пара беру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!