Ақтөбеде далаға қоқыс төккен медициналық мекеме жауапқа тартылды

18:36, 4 тамыз 2026
MKZ: 1559652

© Сурет: polisia.kz

3 тамызда әлеуметтік желіде Ақтөбе қаласының тұрғыны түсірген бейнежазба жарияланды. Кадрларда қала сыртындағы далалық аумаққа қоқыс үйіндісінің төгілгені көрінеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құрылыс қалдықтарының арасынан Ақтөбедегі медициналық мекемелердің біріне тиесілі қызметтік құжаттар, оның ішінде бірнеше есепке алу журналы табылған.

Жарияланымға байланысты полиция қызметкерлері дереу тексеру жүргізді. Нәтижесінде аталған медициналық мекеменің жауапты тұлғалары елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзғаны анықталды.

Сонымен қатар учаскелік полиция инспекторлары жауапты тұлғалармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде медициналық мекеме өкілдері заңсыз төгілген қоқысты өз күштерімен жинап, аумақты тазартты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!