Қостанай облысында халықаралық іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталды

19:12, 4 тамыз 2026
MKZ: 1559656

© Сурет: polisia.kz

"Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Жітіқара қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері 2026 жылдың мамыр айынан бері халықаралық іздеуде жүрген шетел азаматын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, аталған азамат алаяқтық жасады деген күдікпен құқық қорғау органдары тарапынан іздестірілген.

Жеке басы анықталғаннан кейін күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Соттың шешімімен оған қатысты уақытша қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!