Ақтөбеде босанған келіншек перзентханада қайтыс болды

17:11, 21 мамыр 2021
449

© Сурет: видеодан кадр

Ақтөбеде 30 жастағы келіншек бала босанғаннан кейін перзентханада қайтыс болды. Марқұмның туыстары келіншектің өліміне дәрігерлерді кінәлайды. Солардың салғырттығынан, дер кезінде әрекет етпегенінің кесірінен бауырымыздан айрылдық деп отыр. Келіншектің өліміне не себеп? Туыстарының талабы қандай? Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасы хабарлайды.

Аймира облыстық перинаталдық орталықта жатқан. 17-сі күні келіншекті толғақ қысады. Өмірге шекесі торсықтай ұл әкеледі. Салмағы 4500 келі. Бірақ, туыстары Аймираның жағдайының күрт нашарлағаны, оны ота жасауға алып бара жатқаны туралы бізге ешкім тіс жармады дейді. Тіпті, келіншектің о дүниелік болғанын да дәрігерлер тек 3,5 сағаттан кейін естірткен. Туыстары алғаш босанған анаға уақытылы ота жасалмады деп санайды.

Әлия Атшыбаева, марқұмның әпкесі:

Жасы отызда. "Первородка". Бірінші рет босанайын деп тұр. "Крупный плод" екенін біліп тұр врачтар. Уақыты өтіп кетті, 41 неделя, үш күн дегенде келіп тұр. Ол осы роддомға 5 рет па, алты рет па түскен оған дейін. Сонда врачтар не қарап отыр? Дәрігердің қолынан өлді, ол- айдан анық. Мен оны анық айта алам.

Алтынбек келіншегімен соңғы рет ватсап арқылы сөйлесіпті. Аймира толғақ шақыратын дәрі екеннін айтыпты. Артынша ауырсынғанын жазды дейді. Бірақ, перзентханаға түскенге дейін өкпесіне еш шағым болмағанын ол да айтып отыр.

Алтынбек Жұмағазиев, марқұмның күйеуі:

Қиналып жатырмын, не істеймін деп жазып жіберген маған ватсаптан. Содан кейін жауап беген жоқ, телдефон сөнулі болды. Заключениеде қан тоқтамағандығы туралы айтылған. Және өкпесі дұрыс жасамағандығы туралы айтылған. Мен оның алдында деген здоровый өкпе, ешқандай шағымданған жоқ. Былтыр ауырған болар, бірақ оған дейін шағымдану болған жоқ.

Аймираның өліміне қатысты ағайындарының күдігі көп. Дем жетпеген келіншекке берген жасанды тыныс алдыратын аппаратта ақау болды ма деген ойларын да айтты. Қиналған келіншекке неге кесір тілігін жасамаған деп те ойлайды. Жауапсыз қалған сауалдарын енді прокуратураға жолдап, сотқа дейін жүгінбекші.

Бақтыгүл Атшыбаева, марқұмның әпкесі:

Мен өзімнің пайымдауымша, ол жерде олардың аппараттары жасамай қалып, олар менің сіңлімді-бауырымды тұншықтырып өлтірді. Неге десеңіздер, дем жетпегеннен өліп тұр. Осы баланың өмірін қиған, осының ботасын кеше ғана дүниеге келген, сәбиін анасыз қалдырып кеткен, соған себеп болған барлық дәрігерлерді жазалауын сұраймын заң бойынша. Мен соған дейін барам, соңына дейін.

Перинаталдық орталықтағылар ағайындарының айқайынан соң ғана мән-жайдың қалай болғанын баяндады. Дәрігерлер келіншекті аман алып қалу үшін барлық емді жасадық деп отыр. Алайда, қан көп кетіпті.

Асхат Балықов, облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері:

Кесарево сечение жасауға ол кезде көрсетіш болмады. Әйел адам өзі жақсы босанды, ешқандай асқыну болмады. Қан кетудің әртүрлі себебі бар. Осы әйелде қан кетудің себебі, жатырдың жиырылуы қабілеті өте төмен болды. Жатыры жиырылмады, жиырмағасын қан кетеді.

Ана өлімі жөнінен Ақтөбе тізімнің басында тұр. Жыл басынан бері 7 келіншек қайтыс болған. Оның екеуі Аймира бақилық болған орталықта тіркелген. Келіншекті кеше жер қойнына тапсырды. Сәбиі аман, әкесінің жанында. Өлімінен кейін орталықтың бас дәрігері қызметінен кетті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар Асхат Балқов қызметінен босату туралы өз еркімен арыз жазғанын мәлімдеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір