Ақтөбеде бір ауладағы екі үй жанып кетті

16:34, 23 мамыр 2019

Ақтөбеде қаланың ескі бөлігінде бір аулада орналасқан екі үй жанып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz Aktobenews.kz-ке сілтеме жасап.

Төтенше жағдай кезінде қаза тапқандар жоқ.

Кеше Ақтөбе қаласындағы Екпінді 40 мекен-жайында жеке баспана мен салынып жатқан екі қабатты үй өртеніп кетті.

"Оқиға орнына 39 адам мен 7 техника бағытталды. Сағат 14.44-те өрт тұйықталып 14.53-те сөндірілді. Жалпы 117 ш.м. аумақты қамтыды. Қазіргі таңда оттың шығу себептері мен келтірілген шығындар анықталуда", — деп хабарлады Ақтөбе облысы бойынша ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілердің жұмысының нәтижесінде жапсарлас орналасқан көрші екі үй тілсіз жаудан құтқарылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!