Ақтөбе тұрғыны бір түнде 5 көліктің терезесін қиратып, құжаттарын әкеткен

16:08, 14 қыркүйек 2018

Тәртіп сақшылары бір түнде бес автокөліктің терезесін сындырып, құжаттарын әкеткен 22 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлайды Baq.kz.

Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, бұзақыға көліктердің терезелерін сындыруға небары екі сағат уақыт жеткілікті болған.

Бүгінде аталған жайтқа қатысты сот алды тергеу басталды. Ұсталған адамның өзге қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!