Ақтөбе облысындағы тоғанда 4 тонна балық қырылып қалды

15:20, 13 сәуір 2021

© Сурет: Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

2021 жылғы 12 сәуірде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің "Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" РММ-ге Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарсай ауылының Кузьмин тоғанындағы балықтардың қырылғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды zakon.kz Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сол күні жануарлардың қырылу қаупі және (немесе) өлімі анықталған кездегі өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, Инспекция мамандары "Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы" РММ және Ақтөбе облысының Табиғи ресурстар басқармасымен бірлесіп осы су айдынына тексеру жүргізді.

Жиналған "карас" өлі балықтарының саны 4 тоннаны құрады. Ол балықтарды жою бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, зертханалық зерттеулер жүргізу үшін су мен балықтан сынама алынды.

Алдын-ала жасалған болжам бойынша балықтардың қырылуына су деңгейінің жеткіліксіздігінен (1,0-1,5 м) қыста суда оттегінің болмауы себеп болып отыр.

Балықтардың қырылуының нақты себебі тиісті зертханалық зерттеулер жүргізілгеннен кейін қосымша хабарланады.

Кузьмин тоғаны Қобда ауданының Жарсай ауылдық округінде орналасқан. Ақтөбе қаласынан қашықтығы 140 км. Тоғанның ауданы 3 га жуық, ол балық шаруашылығы су айдындарының тізіміне енбеген. Тоған мал суару үшін салынған. Су қоймасының жанында өндірістік объектілер жоқ.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!