Ақтөбе облысында қарасора плантациясының иесі ұсталды
© Сурет: Zakon.kz
"Қарасора-2026" іс-шарасы аясында Темір ауданының полиция қызметкерлері есірткі құрамдас өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтады. Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында жалпы салмағы 11 келіге жуық өсімдік тектес зат тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шұбарши ауылындағы жеке үйлердің бірінде жүргізілген тінту кезінде аула аумағынан арнайы дайындалған жер учаскелері анықталып, онда есірткі құрамдас өсімдіктер өсірілгені белгілі болды. Барлығы алты түп жасыл өсімдік табылды.
Сонымен қатар үй мен монша ішінен өсімдік тектес зат, тұқымдар және оларды сақтауға пайдаланылған түрлі ыдыстар мен орамалар тәркіленді.
"Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 11 келіге жуық. Барлық алынған заттар тиісті сараптамаға жолданды.Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ер адамның көктем айларынан бастап ауладағы жерді күрекпен қазып, арнайы ойықтар жасап, оған есірткі құрамдас өсімдіктің тұқымдарын еккені анықталды. Кейін өсімдіктерді суарып, күтіп-баптаған. Өз жауабында оларды жеке тұтыну мақсатында өсіргенін айтқан. Ер адам өз кінәсін толық мойындады. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді". Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі
Бұған дейін Астанадағы түнгі клубта есірткі емін-еркін сатылғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:55, 16 қыркүйек 2026
Грузияда рұқсатсыз жұмыс істеген жағдайда Қазақстан азаматтары елден қуылуы мүмкін
-
19:40, 16 қыркүйек 2026
БЖЗҚ-дағы ақшаны басқарушы компанияға шығарып алуға болады. Сарапшы кейбір кедергілер туралы айтты
-
19:17, 16 қыркүйек 2026
Абай облысында дала өртенді
-
18:53, 16 қыркүйек 2026
Индонезияда визасыз жүру үшін Қазақстан азаматтарына қандай талаптар қойылады
-
18:45, 16 қыркүйек 2026
Қазақстанның «Евровидениеге» қатысудан бас тартуына қатысты СІМ пікір білдірді





