Ақтөбе облысында 11 млн литрден астам сапасыз отын сатқан кәсіпкер сотталды
© Фото: Zakon.kz
Ақтөбе облысында "Kazenergy" жеке кәсіпкерлігінің басшысы заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырғаны үшін 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу дерегінше, сотталған азамат аумағы 10 мың шаршы метр өндірістік базада қауіпті қалдықтарды заңсыз өңдеп, пеш отынын шығарған.
"Шикізат ретінде пайдаланылған майлар, мұнай шламдары және құрамында мұнай бар басқа да қалдықтар қолданылған. Олар нафтамен араластырылып, циркуляция әдісімен өңделген. Кәсіпкерге қауіпті қалдықтарды өңдеу, залалсыздандыру және кәдеге жарату үшін қажет лицензия мен экологиялық рұқсат берілмеген", – деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 24 қыркүйекте.
Агенттік мәліметінше, кәсіпкер 11 млн литрден астам пеш отынын сатқан. Қылмыстық жолмен тапқан табысы 778 млн теңгені құраған.
Сот оның мүлкін, соның ішінде өндірістік нысанын, автокөліктерін және банк шоттарындағы қаражатын тәркіледі. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қаржылық мониторинг агенттігі өндірілген отын ұлттық сапа стандарттарына сай келмегенін және құрамында зиянды химиялық заттар болғанын атап өтті. Мұндай отынды тұрмыстық және өндірістік қазандықтар мен пештерде жағу ауаға улы заттардың бөлінуіне әкеліп, өңір тұрғындарының денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.
Бұған дейін Қарағанды облысында CVK қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырған адам екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесіліп, мүлкі тәркіленгенін хабарлаған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:46, 24 қыркүйек 2026
Қазақстан халқы Ассамблеясы ел бірлігін нығайтуға өлшеусіз үлес қосты – Тоқаев
-
11:40, 24 қыркүйек 2026
Мемлекет басшысы Конституцияны түсіндіру жұмысын Ерлан Қаринге тапсырды
-
11:37, 24 қыркүйек 2026
Президент: Қазақстан Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес
-
11:32, 24 қыркүйек 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституция ережелерін күнделікті өмірде қолдануға шақырды
-
11:28, 24 қыркүйек 2026
Соңғы 7 жылда жалпы ішкі өнім 29% артып, 306 миллиард долларға жетті – Қ.Тоқаев





