Ақтөбе облысында дизельді алып-сатқан кәсіпкерлер 4 жылға сотталды

16:20, 27 қаңтар 2021

Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Ақтөбе қаласының екі тұрғынының алдын-ала сөз байласу арқылы белгісіз тұлғалардан дизель отынын төмендетілген бағамен құжаттарсыз сатып алып, жалпы көлемі 4 366,892 тонна дизельді 868 391 921 теңге сомасында әр түрлі ЖШС-ге сатқаны анықталды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дизель отынының шығуын заңдастыру үшін күдіктілер ЖШС-нің қоймасынан дизель отынын жеткізуге екі ЖШС-мен жалған келісімшарттар жасап, жанармай төлемдерін қолдан жасаған.

Ақтөбе қаласының № 2 сотының үкімімен, аса ірі көлемде, шығу тегі заңдылығын растайтын құжаттарсыз, мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау, алу, сақтау және сату фактісі бойынша, Ақтөбе қаласының тұрғындары ҚР ҚК 197-бабы 4-б. сәйкес кінәлі деп танылып, оларға 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!