Ақтөбе облысында А вирусты гепатитімен ауырғандар саны шамамен 3 есеге көбейген

15:01, 18 шілде 2018

Жыл басынан бері өңірде Боткин ауруына 53 адам шалдыққан, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, биыл облыста А вирусты гепатитінің 53 жағдайы тіркелген. Ал былтыр бұл көрсеткіш 19 жағдайдан аспаған. Осылайша, Боткин ауруына шалдыққан адам саны 2,7 есеге артқан.

Айта кетейік, вирусты гепатит жиі кездесетін жұқпалы аурулардың бірі. Ауырған адамның бауыры зақымданып, зат алмасуы бұзылып, денесі сарғаяды. Вирустың қоздырғышы жай микроскоппен табылмайды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!