Ақтауды түтін басып, қала тұрғындары жағымсыз иіске шағымдануда

12:46, 15 қыркүйек 2024

© Сурет: видеодан алынды

Бүгін, 15 қыркүйекте таңертең түтін басқан Ақтау қаласының тұрғындары жағымсыз иіске шағымданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

7, 9, 11, 12, 13, 35 ықшам аудандарын түтін басты. Жергілікті тұрғындар әуежайға бара жатқан жолда қоқыс полигонындағы өртті видеоға түсіріп алған. "Түтінге себеп осы болуы мүмкін", деп топшылайды ақтаулықтар, деп жазады Lada.kz жергілікті басылымы.

Өңірлік ТЖД-ның хабарлауынша, қоқыс полигоны бықсып жатыр. Алдын ала ауданы - 800 шаршы метр. Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқарушылар мен жергілікті әкімдіктің техникасы жұмыс істеп жатыр. Қоқысты сорттау жұмыстары жүргізілуде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!