Ақтаудағы жантүршігерлік жанжал видеоға түсіп қалды: күдікті ер адамның бетіне оқ атқан
© Фото: zakon.kz
Ақтау қаласындағы ойын-сауық орындарының бірінде келушілер арасындағы сөзге келу соңы қайғылы жағдайға ұлауға шақ қалды. Жанжал барысында ер адамдардың бірі қарсыласының бетіне сигнал беретін құрылғыдан оқ атқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиғаның үрейлі сәті бейнебақылау камерасына түсіп, кадрлар әлеуметтік желілерде кең тарады.
Маңғыстау облысындағы жанжал фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өңірлік полиция департаменті болған оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, жағдайдың қалай өрбігенін және күдіктінің қалай ұсталғанын айтты.
"2026 жылғы 8 шілдеде Ақтау қаласындағы мекемелердің бірінде екі келуші арасында жанжал болған. Оқиғадан кейін олардың біреуі "Аңшы сигналы" пускі сигнал құрылғысын қолданып, ер адамның бетіне жарақат келтірген. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады 9 шілде күні Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі.
Полицияның мәліметінше, күдікті жедел анықталып, ұсталған және уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ал зардап шеккен азаматқа медициналық көмек көрсетіліп, кейін үйіне жіберілген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:40, 9 шілде 2026
Қазақстандық Канадада салмағы 300 келіден асатын ақ бекіре ұстап алды
-
19:40, 9 шілде 2026
Қазақстандық Канадада салмағы 300 келіден асатын ақ бекіре ұстады
-
19:36, 9 шілде 2026
Абай облысында жүргізушінің жолға назар аудармауынан жолаушы көз жұмды
-
19:30, 9 шілде 2026
Ақтөбелік мұғалімдерге 5 млрд теңге көлеміндегі демалыс ақысы уақытында төленбеген
-
19:27, 9 шілде 2026
Алматыда ересек адам жасөспірімге күш көрсеткен: видео





