Ақтаудағы ұшақ апаты: қаза тапқан Әзербайжан азаматтарының мәйіті Отанына жөнелтілді

09:08, 29 желтоқсан 2024

© Сурет: Маңғыстау облысының әкімдігі

Кеше, 28 желтоқсан күні, сағат 23:30 шамасында Ақтаудан әуе апатында қаза тапқан 24 Әзербайжан азаматының (оның ішінде үшеуі экипаж мүшесі) денесі еліне жөнелтілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысы әкімдігінің хабарлауынша, кейінгі күндері қаза тапқандардың денелерін анықтау бойынша тынымсыз жұмыстар жүргізілді.

ДНҚ талдауы жүргізіліп, жақын туыстары қатысты.

Еске салайық, 25 желтоқсан күні болған әуе апатынан 29 адам аман қалды. Медициналық көмек алған Әзірбайжанның 14 азаматы еліне оралды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!