Ақтауда жастар мен полицейлердің төбелесі видеоға түсіп қалған

16:59, 28 мамыр 2022

© Сурет: Zakon.kz

Төбелес "Монако" дәмханасына қарама-қарсы Самал ықшам ауданындағы теңіз жағалауында болған. Жастар арасында өзара дүрдараздық туындап, оның арты төбелеске ұласқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

25 мамырда сағат 23:10 шамасында полиция оқиға орнына келіп , төбелестің ауыр зардаптарының алдын алды.

Бұл аумақта күшейтілген режимде қызмет атқарып жүрген жауапты полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, төбелестің алдын алу үшін бірден шара қабылдады. Жастардың бір-біріне қатысты шағымы мен арыздары жоқ. Олармен профилактикалық әңгіме өткізілді. Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!