Ақтауда тұтынушылардың құқықтарын бұзғаны үшін ірі сауда желісіне айыппұл салынды
© Фото: Zakon.kz
Ағымдағы жылдың мамыр айында қаладағы сауда желілерінің бірінде ет өнімдерін витринада көрсетілген баға белгісінен 20%-ға жуық жоғарыбағамен сату фактісі анықталды.
Бұл факті бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің қаулысымен заңды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Апайда заңды тұлға өкілінің шағымы бойынша Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты уәкілетті орган қаулысының күшін жойды.
Прокуратураның актісі бойынша Маңғыстау облыстық сотымен бірінші сатыдағы сот қаулысының күші жойылып, сауда желісіне 738 400 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Сот актісі заңды күшіне енді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өткізу кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері прокуратура органдарының ерекше бақылауында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:30, 15 қаңтар 2025
Енді пара беруге уәде бергендер де қылмыстық жауапқа тартылады
-
13:19, 15 қаңтар 2025
Ақтөбе облысында қылмыс деңгейі төмендеді
-
13:05, 15 қаңтар 2025
Алматыда әскери қызметшілер 99 жасқа келген Ұлы Отан соғысы ардагерін құттықтады
-
12:53, 15 қаңтар 2025
Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілердің деректерін олардың келісімінсіз беру құқығына ие болды
-
12:45, 15 қаңтар 2025
Алматыда бос жатқан аумақта мұз айдыны бар жаңа сквер ашылды