Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

18:55, 14 сәуір 2025

© Сурет: Zakon.kz

Ақтауда жекеменшік компаниялардың бірінің шетелге 1,8 млн долларды заңсыз шығару әрекеті прокуратураның назарына ілікті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz мәліметінше, прокурордың өтінішін қарауда Маңғыстау облыстық сотының сот алқасы бұрын қабылданған шешімнің күшін жойып, компанияны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды.

Компанияға валюталық түсімді заңға сәйкес белгіленген мерзімде репатриация жасамағаны үшін 153 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Бұған дейін Оралда терминалдан ірі көлемдегі ақша ұрланғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!