Ақтауда полицейлер суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарды
© Сурет: ҚР ІІМ
Бүгін сағат 11:09 шамасында Ақтау қаласының теңіз жағалауында полиция қызметкерлеріне теңіз ортасына қарай бет алған, айналасындағыларға мән бермеген жасөспірім туралы хабар түсті.
Оқиға орнына дереу жеткен Ақтау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Абдурахим Сәтешов және Азамат Қарабалаев жағдайдың аса қауіпті екенін көріп, бір сәт те кідірместен теңізге секірген.
Өздерінің жеке қауіпсіздігін елемей, олар жасөспірімді жағаға алып шығып, баланың өмірін сақтап қалды. Полиция қызметкерлерінің шұғыл әрі батыл әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды.
Қазіргі уақытта жасөспірімнің жағдайы қанағаттанарлық, өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Жасөспіріммен профилактикалық әңгіме жүргізіліп жатыр.
Полиция қызметкерлері күн сайын азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, кез келген жағдайда, тіпті өз өмірін қатерге тіге отырып, көмек көрсетуге дайын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:32, 12 қаңтар 2026
Қайрат Нұртастың анасы келіні Жұлдыз бен оның отбасын қандай сән-салтанатпен қарсы алғанын көрсетті
-
15:27, 12 қаңтар 2026
«Шариғатқа қарсы»: ҚМДБ әлеуметтік желідегі дипфейктер мен жазылушыларға қатысты мәлімдеме жасады
-
15:10, 12 қаңтар 2026
Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндерге маңызды ақпарат жарияланды
-
15:02, 12 қаңтар 2026
Қазақстанда мүліктік құқықтарды басқару үшін бірыңғай цифрлық платформа құрылады
-
14:55, 12 қаңтар 2026
СҚО-да жеке тұрғын үй өртеніп, ұлы мен әкесі қайтыс болды





