Ақтауда део-хлордан күдіктенген ата-аналар шу шығарды

22:44, 27 қазан 2021

© Сурет: pixabay.com

Ақтауда ата-аналар мектепте еденді део-хлормен жумасын деп шу шығарды. Өйткені №7 мектеп-лицейдің оқушылары "химиялық қоспадан уланып қалды", - дейді жиналғандар. Бірнеше аптадан бері жөтел қысып, көзі қызарған 4-5 оқушы ем-дом алып, сабаққа бармай жүр екен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елена Стазаева, Ақтау қаласының тұрғыны:

Баламның дезинфекциялық заттан уланғанын дәрігер де растады. Тек бір бала емес, 1-сыныптағы басқа да балаларда сондай белгі бар. Өткенде емделіп мектепке барды, бірнеше күннен кейін баяғы диагоноз қайта шықты. Баламның бір көзі қызарып кетті. Қазір үйде.

Ата-аналардың айтуынша, төрт-бес баладан уланудың белгілері анықталыпты. Сондықтан мектепті жуатын дизенфекциялық сұйықтықтың жанама әсерін зерттепті. Нәтижесінде балалардың диагнозы дәл келген. Енді ата-аналар мұндай зиянды қоспаларды білім ордасында қолданбауды талап етіп отыр. Ал, мектеп басшылығы део-хлорды тексеріп, ешқандай кемшілік таппағанын айтады. Химиялық сұйықтық 2027 жылға дейін жарамды деп отыр. Тіпті, осы қоспамен былтырдан бері еден жуып жүр екен. Ал санитар дәрігерлер део-хлорды шамадан тыс қосып жіберсе, аздап улану белгілері болуы мүмкін дейді. Бірақ адамға аса зиянды емес. Десе де ата-аналардың арызынан кейін арнайы тексере бастады. Егер аталған қоспа балаларға зиянды болса, оны қолданыстан алып тастаймыз дейді жауаптылар, делінген КТК жаңалықтарында.

Гүлден Иманғалиева, Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейдің директоры:

Кабинеттерді тазалау бірінші ауысым аяқталып, келесі ауысым басталғанша жүргізіледі. Дезинфекциялық заттарды көбіне мектеп дәлізі мен әжетхананы жуғанда ғана қолданады. Жалпы бұл дезинфекциялық препараттар басқа да мектептерде қолданылады. Мерзімі өтпеген, қолданысқа жарамды. 19-қазан күні СЭС мамандарын шақырдық. Тазалықшыларға бәрін түсіндірді. Қазір уақытша део-хлорды қолданыстан алып тастадық.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!