Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Әзірбайжан бас прокуратурасы мәлімдеме жасады
© Сурет: ҚР ТЖМ/genprosecutor.gov/az
Әзірбайжанның бас прокуроры Камран Әлиев Қазақстан мен Ресейдің тиісті құрылымдары – прокуратура органдары, құқық қорғау органдары Әзірбайжан әуе компаниясына тиесілі ұшақтың Ақтау маңындағы апатына байланысты бірлескен тергеу шараларын жүргізіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы trend.az жазды.
"Президент Ильхам Әлиевтің тапсырмасы мен нұсқауы бойынша барлық тиісті мемлекеттік құрылымдар Ақтау маңындағы AZAL ұшағының апатқа ұшырауынна байланысты тергеу шараларына жұмылдырылды, олар құзыретіне сай өздеріне жүктелген міндеттерді орындайды. Ұшақ апаты фактісі бойынша үш елде – Ресейде, Қазақстанда және Әзірбайжанда қылмыстық істер қозғалды", - деді Камран Әлиев 2025 жылғы 20 қаңтарда.
Ол Қазақстанның, Әзірбайжанның және Ресейдің тиісті құрылымдары кейіннен кінәлі тұлғаларды анықтау үшін бірлесіп талданатын дәлелдерді жинастырып жатқанын атап өтті.
"Қазіргі уақытта Ресейдің тергеу комитеті, бас прокуратурасы осы бағытта тиісті тергеу әрекеттерін жүргізуде", – деп сөзін қорытындылады Камран Әлиев.
2025 жылғы 15 қаңтарда Ақтау қаласы маңында апатқа ұшыраған Әзірбайжан ұшағының "қара жәшіктерінен" алынған деректер Қазақстанның қолына тиді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:42, 20 қаңтар 2025
Астанада сол жағалауда қар жинайтын трактор өртенді
-
20:34, 20 қаңтар 2025
Күн күрт суытып, көктайғақ болады: ТЖД елорда тұрғындарына үндеу жасады
-
19:55, 20 қаңтар 2025
Қазақстан мен Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері бес күн жұмыс істемейді
-
19:55, 20 қаңтар 2025
Қытаймен арадағы шекарада автомобиль өткізу пункттері бес күн жұмыс істемейді
-
19:49, 20 қаңтар 2025
Астана мен Қарағанды арасындағы бірқатар жол учаскесі жабылды