АҚШ-тың Иранға жасаған шабуылы бірнеше миллиард долларға түсті

11:44, 16 наурыз 2026

© Фото: pexels

АҚШ-тың Иранға жасаған шабуылы қазіргі уақытқа дейін америкалық қазынаға шамамен 12 млрд доллар шығын әкелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақ үй жанындағы Ұлттық экономикалық кеңестің басшысы Кевин Хассет CBS телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

"Маған берілген соңғы мәлімет бойынша, шығын көлемі – 12 млрд доллар. Қазіргі таңда жұмсалған қаржы дәл осы мөлшерде", – деді Хассет.

Оның айтуынша, әкімшіліктің операцияны жүргізуге жеткілікті келісілген қаржысы бар. Сонымен қатар қажет болған жағдайда Ақ үйдің тиісті құрылымдары қосымша қаржы бөлу мәселесі бойынша АҚШ Конгресіне жүгінуі мүмкін.

Бұған дейін Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы алғашқы үндеуінде кек алатынын мәлімдегенін жазған болатынбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!