АҚШ-та жекеменшік тікұшақ жолаушыларымен бірге тауда құлады

10:34, 3 қаңтар 2026

© Фото: pexels

АҚШ-тың Аризона штатында, Финикс қаласының маңындағы таулы аймақта жекеменшік тікұшақ құлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ABC News телеарнасының дерегінше, оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00 шамасында (Астана уақытымен 23:00) болды. Тікұшақта төрт адам болған. Қазіргі уақытта олардың жағдайы белгісіз.

Құтқару қызметтері таудағы, Телеграф каньонының маңындағы алыстағы апат орнына жетуге әрекет жасап жатыр.

Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі мен Азаматтық авиация федералдық басқармасы апаттың себебін тексеріп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Килиманджаро тауы маңында да жолаушылармен бірге құтқару тікұшағы апатқа ұшыраған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!