Ақорда Қазақстан президентінің 12–16 қыркүйекке жоспарланған жұмыс кестесін жариялады

10:06, 11 қыркүйек 2026
MKZ: 1566274

© Фото: akorda.kz

Қазақстан президентінің шетелге екі сапары жоспарланған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, 12-13 қыркүйек күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Нарендра Модидің шақыруымен БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Үндістанға жұмыс сапарымен барады

Президент Нью-Делиде "Орнықтылықты, инновацияны, ынтымақтастық пен тұрақтылықты нығайту" тақырыбына арналған "аутрич"/"БРИКС+" форматындағы пленарлық отырыста сөз сөйлейді.

Сапар аясында Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен келіссөз жүргізу, сондай-ақ бірқатар мемлекет және үкімет басшыларымен кездесу жоспарланған.

14-16 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барады.

"15 қыркүйекте Сеулде жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіліп, қазақ-корей кеңейтілген стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасы талқыланады. Бұдан бөлек, Президент Кореяның ірі компаниялары жетекшілерімен кездеседі", – деп жазылған ресми хабарламада.

16 қыркүйекте Мемлекет басшысы "Орталық Азия – Корея Республикасы" бірінші саммитіне қатысады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!