Ақнар Гүлстанның ісі бойынша күдіктілер бар ма
© Сурет: Zakon.kz/Оксана Даирова
2026 жылғы 11 маусымда Сенат кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Ақнар Гүлстанның қаза болуына қатысты іс бойынша түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, қылмыстық іс қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігінің тергеу департаментінде қаралуда.
"Алматыға аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші іссапармен жіберілді. Сараптама нәтижелері мен қылмыстық іс материалдарының бір бөлігі халықаралық тергеу тапсырмасы арқылы Қытай Халық Республикасына жолданды. Қытай әріптестерімізден жауап күтіп отырмыз", – деді ол.
Сондай-ақ ол қайтыс болған күні марқұммен бірге болған қыздардың мәртебесіне қатысты сұраққа да жауап берді.
"Аталған қылмыстық іс бойынша әзірге ешкім күдікті ретінде танылған жоқ. Тергеу қолданыстағы Қылмыстық-процестік кодекс нормаларына сәйкес жалғасуда. Халықаралық тергеу тапсырмасы ҚХР-ға жіберілді, себебі ол бұрын Қытай Халық Республикасында оқып, тұрған", – деп нақтылады вице-министр.
Айта кетейік, 2025 жылғы 28 мамырда Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Ақнар Гүлстанның Алматыдағы өліміне қатысты айтылған барлық уәждер толық тексеріліп жатқанын, сондай-ақ істі жеке бақылауында ұстап отырғанын мәлімдеген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:40, 11 маусым 2026
Астанада есірткіні заңсыз өсірді деген күдікпен таролог ұсталды
-
17:27, 11 маусым 2026
170 мыңға жуық өтініш: Тоқаевқа балалардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар туралы баяндалды
-
17:27, 11 маусым 2026
Тоқаев Зәкиеваны қабылдады
-
17:26, 11 маусым 2026
Таразда такси жүргізушісінен марихуана тәркіленді
-
17:20, 11 маусым 2026
Оралда ұрлық жасаған күзетші камераға түсіп қалды





