Ақмолалық тұрғынды SMS-код миллиондаған қарызға батырды
© Сурет: polisia.kz
Ақмола облысы Есіл ауданының тұрғыны қулықтың құрбаны болды. 9 сәуір күні ол аудандық полиция бөліміне арыз түсіріп, интернет-дүкеннен сатып алған затынан кейін белгісіз біреулердің арбауына түсіп қалғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жәбірленушінің айтуынша, тапсырысты рәсімдеген соң көп ұзамай оған өзін курьер ретінде таныстырған әйел қоңырау шалып, тауарды жеткізу үшін СМС арқылы келген төрт таңбалы кодты айтып жіберуді сұраған. Артынша тағы бір адам хабарласып, өзін бірыңғай байланыс орталығының маманы ретінде таныстырып, жәбірленушінің жеке деректерінің бұзылғанын айтып, оны "киберқылмыспен күрес бөліміне", одан әрі "Қаржы министрлігінің өкіліне" ауыстырған.
Бейнеқоңырау барысында іскерлік киім киген белгісіз ер адам жәбірленушінің атына алты банктен несие рәсімделгелі жатқанын айтып, бұл мәселені "дәл қазір шешу қажет" деген ұсыныс жасаған. Қорыққан ауыл тұрғынына банктік қосымшаны жүктеп, 1 миллион теңгеге несие рәсімдеп, қаражатты көрсетілген шотқа аудару тапсырылған. Алаяқтардың қысымымен ол бұл нұсқаулардың барлығын орындап шыққан.
Күдікті әрекеттерден соң жәбірленуші бірнеше банкке хабарласып, өзінің атына берілген өтінімдерді тексерткен. Көптеген қаржы ұйымдары күмәнді операцияларға тосқауыл қойғанымен, бір банктен несие рәсімделіп үлгергені анықталған. Ақыры ол алаяқтардың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінді.
Аталған факті бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, қылмыскерлерді анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Полиция азаматтарға мынадай ескертулерді ұсынады:
- Ешқашан СМС-кодтарды, банктік карта деректерін, құпия сөздер мен PIN-кодтарды бөгде адамдарға айтпаңыз;
- Онлайн операцияларға шектеу қойыңыз, SMS-хабарламаларды қосыңыз;
- Ешкімге сеніп, қорқынышқа бой алдырмаңыз
- шұғыл жағдай туындаған кезде әңгімені доғарып, өз банкіңізге ресми нөмір арқылы қайта хабарласыңыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:03, 28 сәуір 2025
«Қар аралас жаңбыр жауады». Синоптиктер қай өңірлерде күн күрт суытатынын айтты
-
22:16, 28 сәуір 2025
Жарықсыз қалған Мадрид билігі әскер көмегіне жүгінуде
-
22:03, 28 сәуір 2025
Жамбыл облысында «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі өтеді
-
21:48, 28 сәуір 2025
Павлодарда миы шайқалып, ауруханаға түскен сәбидің шешесі ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін
-
21:34, 28 сәуір 2025
Алматыда 30 сәуірде дабыл белгілері іске қосылады
Танымал жаңалықтар
-
11:11, 28 сәуір 2025
-
11:43, 28 сәуір 2025
-
12:57, 28 сәуір 2025
-
09:36, 28 сәуір 2025
-
15:55, 28 сәуір 2025
-
11:29, 28 сәуір 2025
-
13:18, 28 сәуір 2025
-
12:25, 28 сәуір 2025
-
16:03, 28 сәуір 2025
-
09:28, 28 сәуір 2025
-
11:55, 28 сәуір 2025
-
14:13, 28 сәуір 2025
-
10:12, 28 сәуір 2025
-
10:25, 28 сәуір 2025
-
10:34, 28 сәуір 2025