Ақмолада әкесінің атынан 1,4 млн теңгеге несие рәсімдеген әйел ұсталды
© Сурет: ҚР Ішкі істер министрлігінің ақпараттық ресурсы
Бурабай ауданында әйел әкесінің атынан 1,4 млн теңгеге несие рәсімдеген, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Ішкі істер министрлігінің ақпараттық ресурсы 24 қаңтарда Бурабай ауданының ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан өтініш келіп түскенін жазды.
Ер адам банктердің бірінде оның атына несие рәсімделгенін, банкте берешектің жалпы сомасы 1,4 млн теңге болғанын хабарлады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталды, ол өтініш берушінің 24 жастағы қызы болып шықты. Қыз жәбірленушіні екінші деңгейдегі банктердің бірінде жеке кабинет ашуға көндіріп, оның атына карта мен несие рәсімдеген.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:18, 19 желтоқсан 2025
Оралда заңсыз сатылған автокөлік иесіне қайтарылды
-
19:01, 19 желтоқсан 2025
Қарағандыда есірткіні жасырын қойып кетуші қылмыс үстінде қолға түсті
-
18:51, 19 желтоқсан 2025
Армения азаматы Орал – Алматы рейсінде темекі шеккені үшін ұсталды
-
18:46, 19 желтоқсан 2025
Қазақстандық биатлоншылар Әлем кубогы кезеңіндегі спринтте өнер көрсетті
-
18:32, 19 желтоқсан 2025
Фристайл-акробатикадан Еуропа кубогы кезеңі: Қазақстан құрамасының нәтижелері





