Ақмола облысының тұрғыны интернетте ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін сотталды

10:13, 11 қаңтар 2025

© Сурет: Zakon.kz

Ақмола облысы Астрахан ауданының прокуратурасы ұлтаралық алауыздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық істің ашық процесін ұйымдастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аудан тұрғыны 2024 жылы жазда мас күйінде әртүрлі елдің пайдаланушыларымен сөйлесуге арналған "Чат рулетка" қосымшасында басқа ұлт өкілдеріне қатысты, оның ішінде балағат сөздерді қолдана отырып, қорлайтын мәлімдемелер жасаған.

Сараптама сөйлеуде ұлтаралық араздықпен алауыздық белгілерінің бар екенін растап, айтылған сөздердің басқа ұлт өкілдеріне қатысты қорлайтын сипатқа ие екенін анықтады.

Сотта айыпталушының кінәсі мемлекеттік айыптаушымен толық дәлелденді.

Сотталушы 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!