Юлия Путинцева WTA 500 турнирінің финалына бір қадам қалғанда тоқтады

© Сурет: WTA
Қазақстандық теннисші, әлемдік рейтингіде 25-орында тұрған Юлия Путинцева Аделаидада (Аустралия) өтіп жатқан турнирдің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол жартылай финалда америкалық теннисші, әлемнің 7-ракеткасы Джессика Пегуламен кездесті.
Путинцева қарсыласына 6:7(4:7), 3:6 есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, қазір Путинцева WTA live-рейтингінде 23-орынға көтерілді. Бұл - оның карьерасындағы ең жоғары көрсеткіш.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:45, 16 ақпан 2025
Азия ойындарында чемпион атанған хоккейшілер елге оралды
-
11:24, 16 ақпан 2025
Әлемнің бірінші ракеткасы үш айға жарыстан шеттетілді
-
09:56, 16 ақпан 2025
Қазақстандық теннисші карьерасында алғаш рет «Челленджердің» жұптық сынында жеңіске жетті
-
18:28, 14 ақпан 2025
2025 жылғы қысқы Азия ойындары мәресіне жетті: ел қоржынына қанша медаль түсті
-
15:55, 14 ақпан 2025
Қазақстан хоккейшілері бесінші рет қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды